Алматыда жаңа 190 троллейбус сатып алынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов онлайн брифинг барысында троллейбус паркін модернизациялау туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, Алматыда троллейбус желілерін жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

«172 шақырым байланыс желісі қайта жаңартылды. 604 жаңа тірек орнатылды. Жалпы 38 көшеде жұмыстар жүргізілмек. Желілерді қалпына келтіру жұмыстары биыл аяқталады», - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, ол троллейбус паркін модернизациялау аясында 190 троллейбус сатып алатынын жеткізді.

«10 қосалқы стансасын қайта жаңғырту және 190 троллейбус сатып алу жоспарда. Еуропа қайта құру және даму банкімен (ЕҚҚДБ) алдын ала қаржыландыру келісіміне қол қойылды. Биыл 100 троллейбус сатып аламыз. Олар жыл соңына дейін немесе келесі жылдың басында қалаға жеткізіледі. Қалған 90-ны екі жыл ішінде әкелінеді»,-дейді Ғани Мырзаханов.

Айта кетейік, 2021 жылдың тамыз айында Сейфуллин көшесіндегі 1-вокзалдан Райымбек даңғылына дейінгі троллейбустардың байланыс желілері ауыстырылды.


Соңғы жаңалықтар