Алматыда «жан біткен» картиналардың көрмесі ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда алғаш рет FOYA жас суретшілер фестивалі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрермендер гаджеттің көмегімен «жанды» картинамен жанаса алады. 

«Біз «Өнер up» деген мобильді қосымша жасап шығардық. Мұның көмегімен арт-объектілер мен картиналар қозғалады. Қазақстанда бұған ұқсас көрмелер бұрын болмаған. Дайындыққа жарты жылға жуық уақыт кетті. Техникалық мәселелер туындады. Шығармаларды технология көмегімен шынайы кейіпке ендіру біздің тәжірибеде бірінші рет қолданылып отыр»,-деді Жас суретшілер орталығының жетекшісі Кристина Бекмұрзаева.

Кристинаның айтуынша, «Өнер up» қосымшасы толығымен Қазақстанда дайындалған. Фестиваль көрермендері  android форматындағы қосымшаны QR- код арқылы  жүктеп ала алады. Арт-объектіні немесе картинаны смартфон экранынан көрген кезде олардың кейбір элементтері қозғалады. Астананың 20 жылдығына арналған жобаны жүзеге асыруға 50-ге жуық адам атсалысқан.

Бұдан бөлек, қала тұрғындар үшін қолжетімді «Өнер Place» галереясы ашылады. Мәдени кеңістікте жас суретшілер өз еңбектерін тегін көрсетілімге шығара алады.

Сондай-ақ, бұл маңда өнер және ғылым туралы ақысыз лекциялар жүретін болады. Фестиваль Ұлттық кітапханада өтуде.

Соңғы жаңалықтар