Алматыда жалғызбасты аналар алаяққа алданып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматыда жалғызбасты аналарды алдаған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясы, алаяқтық фактісі бойынша Алматы облысы Қарсай ауданының тұрғыны 47 жастағы О. атты азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Күдікті пәтерге мұқтаж және айтқан сөзге тез сеніп қалатын адамдарды өзінің туысы арқылы тауып отырған. Ол құрбандарына проблемалы пәтерлерді сатып алу кезінде «қызмет» ұсына алатындығын айтып, қажетті ақшаның бір бөлігін алғаннан кейін қайта байланысқа шықпаған.

«Негізінен ол мемлекеттен жалғызбасты аналарға көмек бар деген сылтаумен 750 мың теңгеден астам ақшаны иемденген. Шындығында, күдікті қаланың тұрғын үй мәселелерін шешуге ешқандай қатысы жоқ. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚРҚК 2-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,-дейді Алматы қалалық ПД Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Тұрыспаев.

Соңғы жаңалықтар