Алматыда жалған сақтандырушы агенті сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жалған сақтандырушы агенті сотталды. Сот процесі туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Келіншек 2015 жылдың маусымынан қылмыстық жоспарын жүзеге асыра бастаған.

Ол адамдарға өзінің «Нұрбанк» АҚ «Нұрполис» сақтандыру компаниясының агентімін деп таныстырып, жалған сақтандыру полистерін нарықтық бағадан төмен бағада сатып алуға үгіттеген.

Ресми құжатты жасап алу үшін ол белгісіз тұлғаларға «Нұрполис» СК мөрін жасатқан.

«MicrosoftWord», «MicrosoftExcel» бағдарламалары арқылы сақтандыру полисінің жалған бланкін жасап алған.

Осы уақыт аралығында үш азаматты сазға отырғызып үлгерген.

№2 Бостандық ауданы сотының үкімімен А.Карбозова ҚР ҚК 190-бабының 2-тармағы, 385 бабының 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығы шектелді.

Сот сондай-ақ, оның мүлкін тәркілеуге шешім шығарды.

Соңғы жаңалықтар