Алматыда жалған нөмір таққан қымбат көлік ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жалған нөмір таққан жол талғамайтын «Toyota Land Cruiser-200» автокөлігі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол сақшылары Тимирязев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында Toyota Land Cruiser-200 автокөлігін тоқтатты. Элиталық жол талғамайтын көлік бірден мамандандырылған автотұраққа жеткізілді.

Заңбұзушылыққа жол берген 60 жастағы көлік жүргізуші жалған нөмір мен арнайы жарық және дыбыстық дабылды не үшін орнатқанын түсіндіре алмады. Сондай-ақ, ол жекеменшік көлікті арнайы көлік ретінде көрсеткісі келген.

«Мұндай көлік жүргізушілерінде жауапкершілік мүлде жоқ. Өйткені, көлік иесі саналы түрде жол ережелерін бұзып, жалған нөмір орнатып көшеге шығады»-дейді жол сақшылары.

«Жол талғамайтын көлік жүргізушісіне Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 590-бабы 3-тармағына сәйкес хаттама толтырылды.Сондай-ақ, арнайы дыбыстық құрылғыларды рұқсатсыз көлікке орнатқаны үшін жазаланады. Оның көлігі қаладағы мамандандырылған көлік тұрағына жеткізілді», - деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының мамандандырылған батальон командирі Серікжан Әбжанов.

Соңғы жаңалықтар