Алматыда жалған мемлекеттік нөмірлі бес көлік 2,5 млн теңге айыппұл «жинады»

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (МТНБ) бар көліктерді әшкерелеуде, деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Небәрі үш күннің ішінде бөлімшеміздің қызметкерлері жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 2,5 млн теңгені құраған жалған мемлекеттік нөмірлері бар бес көлікті ұстады. Бұдан басқа, мемлекеттік нөмірсіз жүрген -11, оқылмайтын МТНБ бар 14 көлік құралы анықталды. Бұл фактілер жүргізушілер тәртібінің төмендігін көрсетеді. Әдеттегідей, бұл құқық бұзушылықтарды Қырғызстанда ресми түрде тіркелген көлік құралдарының иелері жасайды. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылса, көліктері арнайы айыппұл тұрағына қойылады. ҚР ӘҚБ туралы кодексіне сәйкес, жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланғандарға 15 АЕК, ал нөмірсіз жүруге 10 АЕК көлеміндегі айыппұл салынады. Үш күннің ішінде айып тұрағына 16 машина қойылды», - деп хабарлады Н.Алмасбеков.

Соңғы жаңалықтар