Алматыда жалған құжатпен шекарадан өтпек болған Түркия азаматтары ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 3 қараша күні таңғы сағат 05:00-те «Алматы» халықаралық әуежайының келушілер залында «Дубай-Алматы» рейсін рәсімдеу кезінде Түркия Республикасының үш азаматы қолға түсті, деп хабарлайды ҚмазАқпарат шекара қызметіне сілтеме жасап.

Олар ұсынған Израиль азаматының құжаттары шекарашылардың күдігін туғызған. Аталмыз тұлғалар жалған құжат арқылы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған.

«Құжаттарды терең зерделеу барысында мемлекеттік шекараны кесіп өту құқығын беретін төлқұжаттардың толығымен қолдан жасалғаны анықталды. Түркия азаматтары шекарадан өткізілген жоқ. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр» делінген шекара қызметі таратқан хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар