Алматыда жалған ақша жасайтын цех табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жалған ақша басып шығарумен айналысқан астыртын цех әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мәліметіне сәйкес, қылмыстық топ 500, 5000 номиналдағы ақшаны қолдан жасаумен айналысқан.

Топ құрамында 3 адам жұмыс істеген.

«ҚР Ұлттық банкінің банкноталарын жасайтын астыртын цех жұмыс істеген. Купюраларды 3 адам бірігіп қолдан жасаған. Цех ішінен ноутбуктер, түрлі түсті принтер, еріктіш, ультракүлгін сәуле шығаратын шам, ламинатор, клише, бояу құйылған құтылар, ішінде сурет сақталған флэш-тасымалдаушы құралдар, құны 308 000 теңге болатын жалған ақша табылды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 231-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, сот қарауына берілді.

Соңғы жаңалықтар