Алматыда жалған ақша жасайтын цех анықталды
2020 жылғы 16 наурыз 16:55

Алматыда жалған ақша жасайтын цех анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жалған ақша жасайтын астыртын цех әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, бұл цехте номиналы 10 мың теңгелік банкноттар басылған. Кейін олар Алматы қаласы мен Алматы облысы шеңберінде айналысқа кеткен.

Департамент аталған дерекке байланысты ҚР ҚК-нің 231-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғап, 2 адамды ұстады.

Олардың пәтерін тінту кезінде ноутбук, түрлі-түсті принтер, су белгілері бар арнайы қағаздар, бояу құйылған құтылар, номиналы 10 000 теңге болатын көркем сурет парақтары, банкнот бедерлейтін құралдар, канцелярлық тауарлар, 220 000 теңге сомасында жалған ақша табылды.

Қазіргі таңда бұл іс бойынша сараптамалар тағайындалды.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT