Алматыда жалған 400 мың доллар тәркіленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жалған 400 мың АҚШ доллары тәркіленді, деп хабарлдайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 маусымда Алматы қаласныда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық қылмыстық топ көмекшісінің шетелдік валюта өткізуінің жолын кесті.

«Қылмыстық ортаның «беделдісі» ұсталып, одан Алматы қаласы криминалдық айналымға арналған жалған 400 мың АҚШ доллары табылып, алынды. Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 231-бабы 2-бөлігі («жалған ақша және бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау, алып өту, сақтау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Көрсетілген бап бойынша мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген», делінген хабарламада.

Ведомсвоның мәліметінше, қылмыскер айыбын мойындаған. Одан басқа, фигурантқа Ақтөбеде кәсіпкердің автомашинасы мен жер телімін заңсыз иемдену фактісі бойынша өздігінен иелік ету айыбы тағылып отыр.

«Алынған деректер бойынша, ұсталған адам Қырғызстан мен Ресейдің «заңдағы ұрылар» аталатындарымен байланыста болған. Фигуранттың «ұрылар қауымдастығы» аталатындарды қаржыландыруға қатысы және өзге де криминалдық схемаларды іске асыру үшін қылмыстық табысты пайдалану ниеті туралы нұсқалар тексерілуде.

Ұйымдасқан қылмыстың экономика саласына енуі оның тұрақты дамуына кедергі келтіріп, көлеңкелі капиталдың артуына ықпал етеді.

Осы санаттағы қылмыстар азаматтарымыздың мүдделеріне қарсы бағытталған, қаржы жүйесіне теріс әсер етіп, еліміздің беделіне нұқсан келтіреді», делінген хабарламада.

ҰҚК мәлімдеуінше, қабылданып жатқан шаралар мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігі мен азаматтарымыздың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған.


Соңғы жаңалықтар