Алматыда жалдамалы пәтерлер мен хостелдер тексеріліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында тәртіп сақшылары мегаполистегі жалдамалы пәтерлер, хостелдерді, саяжай мен базарларды тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, азаматтар үйіне келген полицияның немесе әскери адамдардың қызметтік куәлігін көруге құқылы.

«Бұл тексеру қалада жүргізіліп жатқан лаңкестікке қарсы іс-шаралар аясында қабылданды. Азаматтар үйіне келген полиция немесе әскери қызметкерлерінен қызметтік куәлігін көрсетуді талап ете алады. Содан кейін құқық қорғау органдарының кезекші бөлімшесіне телефон соғып сол адам туралы ақпарат ала алады»,- дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 15 қаңтардан бастап төтенше жағдай режимі аяқталған өңірлерде «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Ал 19 қаңтардан бастап бұл шара Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жүзеге асырылып жатыр.

Шара аясында өңірлерде:

- құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сонымен қатар жеке тұлға құжаттарын тексеру, олардың жеке және заттарын тексеру;

- жалдамалы пәтерлерді, иен тұрған үйлерді, хостелдерді, саяжай алқаптарын, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды және басқа да шалғай жерлерді тексеру;

- атыс, травматикалық және суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және т.б. тәркілеу;

- белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз көшіп-қонушыларды анықтау;

- бұрын сотталған және ішкі істер органдарында есепте тұрған өзге де адамдарды тексеру.


Соңғы жаңалықтар