Алматыда жақында тағы 2 метро стансасы іске қосылады
2021 жылғы 27 желтоқсан 14:34

Алматыда жақында тағы 2 метро стансасы іске қосылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда таяу күндері екі метро – «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» стансалары іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық мәслихаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жаңа жыл қарсаңында Алматыда Т.Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында жолайрық ашылды. Абай даңғылы бойымен Б. Момышұлы көшесінен Алатау көшесіне дейін, одан әрі қаланың батыс шекарасына дейін көптен күткен жол қолданысқа берілді. Таяу күндері екі метро станциясының техникалық іске қосылуы болады: «Сарыарқа» және «Б. Момышұлы», - деп хабарлады қалалық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Алматы қалалық мәслихат хатшысы Станислав Канкуров баспасөз қызметіне мәлім еткендей, Кіші Алматы өзені бойындағы жаяу жүргіншілер аймағы мен Тіксай өзенінің арнасы қайта жаңартылды.

Сонымен қатар, ол Есентай өзенінің бойында қала тұрғындарына арналған демалыс аймағының құрылысы жалғасып жатқанын айтты. Бұған дейін Алматыда метро желісі «Алтын орда» базарына дейін ұзартылатыны туралы жазған болатынбыз.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT