Алматыда жақын арада күн суытады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жақын арада күн суытады. Бұл туралы болжамды «Қазгидромет» РМК кезекші синоптиктері жеткізді.

«Бүгін түнде Алматы облысында қар жаууы ықтимал. Ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, солтүстік-батыс бағытында жылдамдығы секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғуы мүмкін. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с дейін артуы ықтимал», - деді кезекші синоптик.

Болжаушылардың айтуынша, Алматы аймағында келесі аптада да құбылмалы ауа райы сақталады.

Соңғы жаңалықтар