Алматыда жабайы сауда орындарында сатылған көкөністерден ішекқұрты анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «барахолка» маңындағы жабайы сауда орындарында сатылған көкөністерден ішекқұрты анықталды.

Бұл туралы қалалық Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Солтүстік айналма жолындағы жабайы сауда нүктелерінде қияр мен картоп өнімдеріне паразитологиялық зерттеулер жүргізіліп, 331 сынақта ішекқұрты бары анықталды. Жалпы қала базарларындағы бақша дақылдарынан алынған 17 сынақ бойынша қауын, қарбыз, қараөрік, өрік, шабдалы, құлпынайда нитраттың 1,5 есе артық екендігі белгілі болды».

Қазір аталған деректер бойынша бірқатар сауда нүктелерінің басшыларына заңбұзушылықты жою жайлы ұсыныс-талаптар жіберілді.

Сонымен қатар, жүргізілген сауалнама бойынша жайма базарлардан азық-түлікті сатып алып жүрген тұтынушылардың 85 пайызы оның сатылу шарттарына назар аудармайтыны белгілі болып отыр. Ал, 40 пайызы өзінің құқығының бұзылғаны жайлы ешкімге шағымданбайтынын айтты.

Соңғы жаңалықтар