Алматыда зейнеткерлерді тонады деген күдікпен алаяқ әйел ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 54 жасар әйел «әлеуметтік қызметкермін» деп зейнеткерлердің қаржысын жымқырды деп айыпталуда. Бұл туралы Әуезов аудандық ІІБ іздестіру бөлімі басшысының орынбасары, полиция капитаны Алмазхан Қалымбетов айтты.

Оның айтуынша, 54 жастағы әйел өздігінен жүре алмайтын, жалғыз-жарым зейнеткерлерді торыған.

«Әб д ен сенімге кірген соң, қарияларды алдап-сулап, қаржысын алып тайып тұратын болған. Қазіргі таңда ол 700 мың теңгеге тарта ақшаны қолды қылды. Дәл қазір оның алаяқтығынан 8 зейнеткер жапа шекті деп болжанып отыр. Алайда, сазға отырғандардың саны одан да көп болуы мүмкін. Егер, аталған әйелден жапа шеккендер болса, Әуезов ауданының полиция бөліміне 2985372 хабарласуларын сұраймыз», - деді А. Қалымбетов

Полиция капитанының айтуынша, Мұхаметжанова есімді әйел бұған дейін де осы тектес қылмысы үшін істі болған екен.

Соңғы жаңалықтар