Алматыда зейнеткердің 22 млн. теңгесін қолды еткен алаяқ ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда зейнеткердің сеніміне кіріп 22 млн теңгесін қолды еткен алаяқ ұсталды.

Бұл туралы қалалық ІІД хабарлады.

Полицияның мәлімдеуінше, 37 жастағы Дмитрий Сауырбаев бұрын да осындай әрекеті үшін істі болып, 5 жыл түрмеде отырып келген.

«Қарт кісі мәселесін шешу үшін заң компаниясының қызметіне жүгінеді. Ғимаратқа кіргенде Сауырбаев өзін компанияның заңды қызметкерімін деп таныстырған. Алдына келген қарияны алдап-сулап, барлық түйткілді мәселеңді шешіп беремін деп, 22 млн 350 мың теңгесін қолды еткен. Кейін анықталғандай ол аталған компанияда жұмыс жасамайды екен», - деді Медеу аудандық ІІБ басшысы Ерлан Оралбеков.

Сауырбаевтың осы тектес тағы 10 қылмыстық дерекке қатысы бары анықталды.

Полиция оның әрекетінен жапа шеккен адамдар болса, 254-48-02, 254-48-10, 8701-570-44-44, 8701-624-28-24, 8705-100-77-07 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар