Алматыда «зергерлік» ота жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы хирургтары адам қолына бірегей ота жасады. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лейла Кеңесбаева хабарлады.

«Қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасына осыдан біраз бұрын қолының саусақтарын зақымдаған науқас келіп түскен болатын. Жапа шегушінің айтуынша, үйінде құрылыс жүргізіп жатқан кезде ол қолын жұмыс істеп тұрған миксерге салып алған. Соның салдарынан оның оң қолының саусақтары қатты зардап шеккен», - деді баспасөз хатшысы Л.Кеңесбаева.

А.Сызғанов атындағы ұлттық хирургия орталығы мен жедел жәрдем беру ауруханасының білікті хирургтары жігіттің сіңірі жыртылған саусақтарын қалпына келтірді. Ота жасау кезінде микрохирургиялық технология қолданылды.

Медицинада мұндай күрделі операцияны мамандар «зергерлік жұмыс» деп атайды. Өйткені, көбінесе оған бірнеше сағат уақыт кетеді әрі үлкен ұқыптылықты қажет етеді.

«Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты. Оның саусақтарының жұмыс қабілеті анағұрлым жақсарды», - деді Л.Кеңесбаева.

Соңғы жаңалықтар