Алматыда заңсыз жүрген 310 шетел азаматы елден шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл басынан бері Көші-қон заңнамасы 15 904 рет бұзылып, 4 182 іс бойынша шетел азаматтары жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот шешімімен 310 шетелдік Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылған. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов мәлімдеді.

«Алматыда жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 673 шетел азаматы полиция департаментінің қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Сондай-ақ, биылғы жылдың 6 айында еңбек мигранттарына жеке адамдарда жұмыс істеуі үшін 34 162 рұқсат қағазы берілді және ұзартылды. Қазіргі уақытта заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және шетелдіктерді азаматтық-процессуалдық тәртіпте елден шығару – біздің бірінші кезектегі міндетіміз», - деді ол.

Ол сондай-ақ, полиция Алматыда жыл басынан бері «Келімсек» және «Нелегал» екі республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілгенін хабарлады.


Фото: polisia.kz



Соңғы жаңалықтар