Алматыда заңсыз жұмыс істеп келген 70 гастарбайтер ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Нелегал» шарасы нәтижесінде Бостандық және Алатау аудандарында 70 гастарбайтер заңсыз жұмыс істеп келгендігі анықталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

42 өзбек азаматы Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешенінің құрылысында жұмыс істеп келген. Ал олардың 30 отандасы Алатау ауданындағы құрылыс нысанында еңбек етіп келген.

Құқық қорғау органдарының өкілдері қаладағы барлық құрылыс нысандарын, базарлар мен тағам дайындау орындарын тексеріп шықты.

Сондай-ақ, арзан жұмыс күшін тарту үшін Қазақстан заңнамасын белшесінен басып жүрген отандастарымыз да жауапқа тартылды.

«Осы екі күн аралығында көші-қон туралы заңды бұзған 838 адам жауапкершілікке тартылды. 181 шетелдік азаматтың Қазақстанда тұру уақыты қысқартылды. 258 шетелдік азамат қалалық ІІД қабылдау орындарына жеткізілді. Сот шешіміне сәйкес 96 азамат Қазақстан территориясынан шығарылды», - деді Алматы ІІД өкілі Айдын Белгібаев.

Соңғы жаңалықтар