Алматыда заңсыз жұмыс істеген мыңнан астам шетелдік анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда заңсыз жұмыс істеген мыңнан астам шетелдік анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһардың көші-қон қызметі мәлім еткендей, 5 шілде күні басталған «Келімсек-2021» операциясының бірінші кезеңі 12 шілдеде аяқталды.

Оның мақсаты - шетелдіктердің заңсыз көші-қон арнасын және заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылардың қызметін анықтау және жолын кесу, шетелдіктердің келген еліне өз еркімен қайтарылуына, оның ішінде реадмиссия тәртібімен, іздеуде жүрген адамдарды анықтауға жәрдем көрсету.

« Бір аптаның ішінде Алматыда көші-қон заңнамасын мыңнан астам шетелдік бұзған. Жалпы,1 569 адам әкімшілік жауапқа тартылды, оның 1 033-і шетелдік азамат. Сонымен қатар шетелдіктердің ҚР-да болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін 473 қабылдаушы жауапқа тартылды. Сондай-ақ өткен аптада заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырудың екі фактісі анықталып, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.


Соңғы жаңалықтар