Алматыда заңсыз жасалған 490 мың бөтелке ішімдік тәркіленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл басынан бері 500 мыңға жуық қолдан жасалған ішімдік айналымнан шығарылды. Бұл туралы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент мамандары жалпы сомасы 247 млн теңге болатын 490 мың бөтелке ішімдік пен 960 литр спирт қосылған сұйықтықты айналымнан тәркіледі.

Алматыда жалған  ішімдік өнімдерін заңсыз сатудың 74 дерегі, құжатсыз сатудың 105 дерегі, жалған акциздік маркаларды қолданып ішімдік сатудың 4 дерегі әшекереленді.

Аталған деректер бойынша іс материалдары сотқа жіберілді.

«Алкогольді ішімдіктердің түпнұсқа екендігін Wipon мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады. Қосымшаны iOs, Android және Windowsphone жүктеп алуға болады. Сканнан өткен соң ішімдіктің қай зауытта, қашан өндірілгені туралы ақпарат шығады. Бұл ақпарат шұғыл түрде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберіліп отырады», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар