+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Алматыда заңсыз шот-фактуралар жазған алаяқ сотталды

2021 жылғы 14 қазан 15:40
Бөлісіңіз:
Алматыда заңсыз шот-фактуралар жазған алаяқ сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық №2 Бостандық аудандық сотында орындалмаған жұмыстарға шот-фактураларды жазып бергені үшін кінәлі деп танылған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында жаппай төбелестен 2 адам көз жұмды, біреуі – ауруханада Ресей азаматы 4 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген Семейде дүкен сатушысы 3,5 млн теңгенің телефонын жымқырған

Сот 2017 жылдың қазан айы мен 2020 жылдың желтоқсан аралығында Б. есімді сотталушының К., П., М., Т. есімді таныстарының атына 4 кәсіпорынды тіркегенін анықтады.

Бұл кәсіпорындар нақты жұмыстар жасамай, жалған мәміле жасау арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілері - контрагенттердің қаражатын заңды айналымнан шығарумен айналысқан.

Сот отырысы барысында сотталушы Б. өз кінәсін мойындады.

Мемлекетке келтірілген залал 837 млн. теңгені құрады, оның 100 млн. теңгесі өтелді.

Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, соттың үкімі бойынша сотталушы Б. іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға шот-фактураларды жазғаны үшін кінәлі деп танылды.

Оған қаржы құрылымдарында материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 3,6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT