Алматыда заңсыз саудаланбақ болған 2 млн маска тәркіленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда заңсыз түрде 1,5 миллион медициналық масканы сату әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласы бойынша департамент «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңда қарастырылған мемлекеттік органдардың тиісті рұқсатынсыз, 174 миллион теңге сомасындағы 1,5 миллион дана медициналық бетперделерді сату әрекетін тоқтатты. Қоймаларда қосымша 500 мың медициналық бетперде табылып, тәркіленді», - деді ол онлайн тәртіпте өткен брифингте.

Кінәлі адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама жасалды. Тәркіленген 2 миллион бетперде жергілікті атқарушы органға берілді.

«Шымкент қаласының департаменті Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, мемлекеттік органдардың тиісті рұқсатын алмай, жалпы сомасы 4 845 000 теңге 26 500 дана медициналық бетперде сатудың 3 әрекетінің алдын алды. Сотпен кінәлі тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәркіленген 26 500 бетперде жергілікті атқарушы органға тапсырылды», - деді Қ. Жапақов.


Соңғы жаңалықтар