Алматыда заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйді сүру жұмысы басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сот шешімімен «Шұғыла» шағынауданындағы заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенін сүру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша тұрғындардың көптеген өтініштеріне байланысты ғимаратты бұзу туралы мәселе көтерілді. Қала тұрғындарының шағымдары негізінде қала құрылысын бақылау басқармасы нысанға тексеру жүргізді. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бұзушылықтар анықталып, хаттамалар толтырылды»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Нәтижесінде сот қаулысымен қаланың қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызы қанағаттандырылды.

Алматы қалалық соты құрылысты бұзу туралы шешім қабылдады.

Көпқабатты тұрғын үй кешенін бұзу 1 шілдеде сот орындаушыларының қатысуымен басталды.


Фото: facebook.com/almaty.gov.kz
Соңғы жаңалықтар