Алматыда заңсыз салынған жазғы кафе сүріледі

None
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Назарбаев даңғылындағы 240-үйде орналасқан «Здесь и сейчас» кафе-барының жазғы террассасы сот шешімімен сүрілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Bars Holding ЖШС меншік иесі мемлекеттік қорға тиесілі жерге ешқандай рұқсат құжатынсыз қосалқы нысан тұрғызған.

«2022 жылғы 28 маусымда қала құрылысын бақылау басқармасы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына осы қосымша нысанды бұзу туралы талап арыз берген еді. Соттың шешімімен қосалқы нысанның заңсыз салынғаны және оны бұзу туралы талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылды», - деп хабарлады әкімдік.

7 сәуір, яғни, бүгін сот орындаушыларының қатысуымен аталмыш нысан сүрілетін болды.


Соңғы жаңалықтар