Алматыда заңсыз салынған тағы бір тұрғын үй кешені сүріледі

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сот Наурызбай ауданындағы «Qadam» тұрғын үй кешенін сүру жөнінде шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы нысанды тексеріп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжатынсыз басталған.

Тексеру нәтижесі бойынша «Qadam ТК» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, кейіннен заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз жазылды.

Нәтижесінде сот шешімімен заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап қанағаттандырылды.

Қазір шешімнің заңды күшіне енетін уақытын күтіп отыр.

Жылжымайтын мүлікті сатып алудан бұрын тұрғындар салынып жатқан үй туралы ақпаратты тексеріп, мына жедел желі арқылы құжаттар пакетінің түгелдігін анықтай алады: +7 (727) 229-81-36.


Соңғы жаңалықтар