Алматыда заңсыз салынған құрылыс нысаны сүрілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Луганский көшесі, 19 үй мекенжайында орналасқан заңсыз салынған құрылыс нысаны сүрілді. Бүгін оның барысы туралы бейнематериал Алматы әкімдігінің Periscope желісіндегі аккаунтында жарияланды.

«Аталған жер телімінің иесі З.Сүлейманова рұқсат құжаттарына қол жеткізбей тұрып, ескі ғимаратты сүріп тастап, орнына жаңа ғимарат тұрғызған. Бұл нысан қызыл сызыққа жақын тұр. Сондай-ақ су қорғау аймағында орналасқан. Мұндай учаскеге ғимарат салуға тыйым салынған», - деді әкімдік өкілдері. Бейнежарияланым авторының айтуынша, нысан жобалық-сметалық құжаттамасыз, сараптамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз бой көтерген. Сондай-ақ құрылыс жүріп жатқаны жөнінде жергілікті сәулет-құрылыс қадағалау органдарына ескертілмеген.

Соңғы жаңалықтар