USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда заңсыз салынған гараждар сүріледі

2021 жылғы 6 желтоқсан 16:00
Бөлісіңіз:
Алматыда заңсыз салынған гараждар сүріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Бостандық ауданында заңсыз салынған 250-ге жуық гаражды бұзу жоспарланған. Бұл туралы аудан әкімі Алтай Рахымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда электр, су және жылыту желілері қайта жаңғыртылып жатыр Алматыда Абай даңғылынан жоғары салынатын ғимараттардың қабат саны шектелді Алматыдағы BRT жобасының екінші кезеңі кейінге шегерілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде аудан әкімі Алтай Рахымбетовтан журналистер аудан аулаларындағы заңсыз салынған гараждар мен қосалқы құрылыстар мәселесі қашан шешілетінін сұрады.

«Біз бұл жұмыстарды қолға алдық. Өкінішке орай, бүгінгі күні бізде аула аумақтарында, көшелерде орналасқан осындай 500-ге жуық нысан бар. Басым бөлігінің тиісті құжаты жоқ, бірақ иелері оларды барлық жолмен қалдыруға тырысады. Мұндай жағдайларда сотқа жүгінуімізге тура келеді, бұл біраз уақытты алады. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз, келесі жылы заңсыз тұрған 250-ге жуық гаражды бұзуды жоспарлап отырмыз», - деді аудан әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT