Алматыда заңсыз салынған дәмхана сүрілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда заңсыз салынған жазғы дәмхана сүрілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл дәмхана Медеу ауданында Достық, 118 «А» мекенжайында орналасқан.

«Тексеру кезінде Нұрымбетов А.Д. аумағы 22,7 метр х 6,0 метр дәмхананы ҚР Сәулет, қала құрылысы туралы заңнамаға қайшы салғаны анықталды. Дәмхана иесі монтаждау жұмыстарды еш рұқсатсыз жүргізген. Бұл нысанды эксплуатацияға беру кезінде актісі өтпеген», - деді басқармадан.

Осыған орай басқарма ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 323 және 3 19-баптарына сайкес ауданаралық әкімшілік сотқа арызданды.

Сот шешіміне сәйкес, Нұрымбетовке ҚР Әқк 319-бабымен 41 670 теңге айыппұл салынды.

Қазір бұл нысан толық сүрілді.


Соңғы жаңалықтар