Алматыда заңсыз ойын бизнесін ашқан азамат ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Гаухартас» тұрғын үй кешенінде казино ашып, заңсыз табыс тауып келген азамат ұсталды. Бұл туралы қалалық қаржы полициясының баспасөз қызметінің жетекшісі Жақсылық Жақыбаев айтты.

Күдікті А. Каршалов «Гаухартас» тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы 3 бөлмелі пәтерді тәулік жүйе бойынша жалдап келген. Өзінің заңсыз әрекетін жүзеге асыру үшін арнайы қызметкер - даяшы мен дилерді жұмысқа қабылдаған.

«Полиция қызметкерлерімен нысанды тексеру кезінде ойын бизнесі табысынан түскен ақша, покер ойынына арналған жасыл шұға мата, фишка, карта табылды. Қазір күдікті өзінің қылмысын толығымен мойындады. Соның нәтижесінде іс прокуратураға жіберілді», - деді Ж.Жақыбаев.

Соңғы жаңалықтар