+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Алматыда заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырылған 48 орын анықталды

2020 жылғы 29 мамыр 15:24
Бөлісіңіз:
Алматыда заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырылған 48 орын анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырылып келген 48 орны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысының тұрғыны қонаққа келген тұрғынның көлігін ұрлап, апатқа ұшырады ШҚО тұрғыны марал атқан Алматы облысында 77 жастағы әже соққыға жығылып, ауруханада көз жұмды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қалалық прокуратура өкілдерімен бірлесе отырып, Алматы қаласындағы заңсыз ойын залдарын анықтау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

«Жыл басынан бері департамент қызметкерлері 48 заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған залдарды анықтады (оның 8 ойын залдары, 1 астыртын ойынхана), көлеңкелі айналымнан 100 ойын терминалы және 216 компьютер тәркіленді, жалпы 28 қылмыстық іс қозғалды»,– деп хабарлайды қаржы мониторнгі комитетінің баспасөз қызметі.

ҚР «Ойын бизнесі туралы» заңының 6-шы бабы 2-ші тармағына сәйкес, Қазақстан аумағында электронды және интернет ойындарын ұйымдастыруға тыйым салынған.

«Алайда, ағымдағы жылдың 25 мамырында Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу және полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында заңға қайшы қызмет етіп келген электронды ойынхана анықталды. Іс-шара барысында электронды ойынхананың ішінен 50 дана компьютер және көлеңкелі айналымнан 210 000 теңгеден асатын ақша тәркіленді»,–деп атап өтті ведомстваның баспасөз қызметі.

Аталған айғақ бойынша ҚР ҚК 307 бабы 3 бөлігі 2 тармағына сәйкес (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT