Алматыда заңсыз құбыр жүргізіп алған бірнеше үй судан ажыратылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құбырды заңсыз іске қосып алған бірнеше үй судан ажыратылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Бастау» МКК баспасөз хатшысы Серік Шағыров айтты.

«Ауа райының жылуына орай қалада су құбырын заңсыз тартып алған жеке сектордың тұтынушыларын анықтау бойынша рейд басталды. Жұмыс Алмалы ауданынан бастау алды. Тексеру нәтижелері көрсеткендей, Алмалы ауданында 5 жер үй және Тастақ маңайында 12 тұтынушы орталық құдыққа өз еріктерімен қосылып алған. Ал, Медеу ауданы бойынша тексеру жұмыстары осы аптада жалғасып жатыр. Қазір Көктөбе шағынауданында Қыз Жібек көшесінде су құбыры мен кәріз құбырын заңсыз жүргізіп алған 10 үй анықталды. Оларда қызмет алуға рұқсат беретін ешқандай техникалық құжат болмаған. Соған сәйкес олар су мен кәріз қызметіне ақша төлемей келген», - деді Серік Шағыров. Аталған тұрғындармен қазір уақытша келісім жасалды. Ендігі кезекте олардан белгілі бір мерзім аралығында инженерлік желілерге құжат рәсімдеп үлгерулері талап етіледі. «Заңсыз қосылған құбырларды табу үшін кәсіпорын қызметкерлері қазіргі заманғы ультрадыбыстық құрылғыларды пайдаланып отыр. Мобильді іздеуіш құралдар жерасты құбырларын анықтауда жоғары дәлдікке ие», - «Бастау» МКК баспасөз хатшысы Серік Шағыров.

Соңғы жаңалықтар