Алматыда заңсыз қоршаулар бұзылды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматы полициясы заңсыз дуал көтерген аула тұрғындарына рейд жасады.

Атап айтқанда заңсыз шлагбаум салып, шынжыр ілген заңды жəне жеке тұлғалар жауапқа тартылды.

Бір күн ішінде 68 қоршау бұзылып, тəртіп бұзушыларға қатысты 26 əкімшілік хаттама толтырылды.

"Жалпы қоғамдық пайдалануға берілген балалар алаңын, тротуарларды кейбір пысық тұрғындар қоршап алады. Осылайша олар ҚР ƏқК 505 бабына сəйкес қаланы көріктендіру ережесін бұзу туралы əкімшілік жауапқа тартылуда. Бұл əрекеті үшін жеке тұлғаларға 20 АЕК, ШОБ субьектілеріне 30 АЕК, ірі кəсіп иелеріне 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады", - деді Бостандық аудандық ІІБ  жергілікті полиция қызметінің өкілі Қуаныш Жайсаңбаев.

Соңғы жаңалықтар