Алматыда заңсыз қоршау салғаны үшін 1000 адам жауапкершілікке тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы қаладағы заңсыз қоршау тұрғызған тұлғаларды анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Бостандық аудандық жергілікті полиция қызметі осы уақытқа дейін 682 заңсыз қоршауды бұзған.

Полицияның хабарлауынша, жыл басынан бері 1000 адам жауапкершілікке тартылған. Олардың 47-сі  заңды тұлғалар.

Оларға барлығы 4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Өкінішке орай сеніп тапсырылған территориясында заң ережелерін сақтау керектігін көбі біле бермейді. Бұл үшін ҚР ӘқК 505 бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. Жақында бір ЖШС қызметкерлері қоқыс толы қаптарды қоршау ретінде пайдаланып келген. Сондай-ақ, бақша отырғызу мақсатында тротуарға топырақ төккен. Бұл жүргіншілерге кедергі келтіреді. Компания басшылығына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынып, қазір айыппұл өтелді», - деді Бостандық аудандық ЖПҚ қоршаған ортаны қорғау полициясының басшысы Қуаныш Жайсаңбаев.

Оның айтуынша, жеке тұлғалар көбіне үйінің маңындағы аймақты жеке автотұрақ етіп қоршап алады. Локалды рейдтің алғашқы сағаттарында-ақ, 68 қоршау бұзылып, 26 хаттама толтырылды.

Соңғы жаңалықтар