Алматыда заңсыз карьер жабылды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Наурызбай ауданының тұрығындары кездесу барысында Ерболат Досаевтан Алматы облысы Қарасай ауданының аумағындағы карьердің иелеріне шара қолдануды, олардың тұрғын үйлерге жақын орналасқанын әрі үнемі шу мен шаң-тозаңнан көз ашпайтындарын айтып шағымданған болатын. Осыған байланысты тексеру жүргізілді. Нәтижесінде заңсыз карьер жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Алматы қаласы мен Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдіктері карьерлерді қазу үшін кемінде қашықтығы 500 шақырым болуы тиіс санитарлық қорғау аймағын назарға алмағаны анықталды.

Тұрғындар қала әкіміне жүгінгеннен кейін мәселе оң шешімін тапты. Алматы қаласы әкімдігінің өтініші бойынша Алматы облысының әкімдігі карьердің жұмысын тексеруді ұйымдастырды, нәтижесінде қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылғаны расталды.

«Наурызбай өңірімен шекаралас жерде карьерді игерумен үш фирма айналысты. Қазіргі таңда екі кәсіпорынның жұмысы тоқтап, жою сатысында тұр. Үшінші компания бойынша жұмыс тоқтатылды»,- деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар