Алматыда заңсыз айналымнан 720 келі пиротехникалық өнім тəркіленді
2015 жылғы 21 желтоқсан 10:40

Алматыда заңсыз айналымнан 720 келі пиротехникалық өнім тəркіленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы заңсыз айналымнан 720 келі пиротехника өнімді тəркіленді. Қалалық ІІД əкімшілік полициясы басқармасының арнайы тапсырмалар инспекторы Рақым Толықұловтың айтуынша, қазір барлық базарлар мен сауда орындарының маңайы барынша тексеріліп жатыр.

«Пиротехникалық өнімдер жабайы сауда орындарында саудаланып жатыр. Саудагерлерде өнімнің арнайы сертификаты жоқ. Ақырында мұндай өнімдер адамға зиянын тигізеді. Əсіресе балалар қауымы осындай өнімдерден жиі жараланады. Сондықтан біз полиция мен мектеп инспекторларының басым күшін кəмелеттік жасқа толмағандардың арасында салют атумен күреске жұмсап отырмыз. Сондай-ақ, қазіргі таңда пиротехникалық өнімді автомобильде заңсыз тасымалдауға тосқауыл қойып жатырмыз. Оған ІІД ƏПБ барлық қызмет өкілдері жұмылдырылып, 24 топ жұмыс жасап жатыр», - деді ол.

Өткен демалыста пиротехниканы заңсыз саудалаудың 15 дерегі тіркелген. Жалпы салмағы 720 келі болатын 35 қорап өнім тəркіленді. ҚР ƏҚК 483-бабы бойынша 15 əкімшілік өндіріс қозғалды.

Жедел шара 31 желтоқсанға дейін жалғаспақ.

Jańalyqtar

MURAǴAT