Алматыда заңсыз ағаш кескендер қатаң жазаланады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ағаштарды заңсыз кесумен күрес туралы «Нұр Отан» партиясы филиалының баспасөз брифингінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағаштарды заңсыз шабатын азаматтар мен ұйымдар алғанын екі есе етіп қайтаратын болады. Бұл туралы Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Əсет Масабаев айтып берді.

«Ағаш кесумен заңсыз айналысатын адамдарды жазалауда қиындықтар жиі болып тұрады. Биыл ағаш кескені үшін жазаны қатайтуды қарастыратын нормативтік актілер жобасын жасадық. Ағаштың ұзындығы мен диаметрін, тұқымын анықтадық. Бұрын бір тал кессе, үш тал егу керек деген ұйғарым болған. Бірақ тұқымы мен диаметрі айтылмайтын. Биыл ол ереже нормасына кесілген ағаштың ұзындығы, тұқымы, сондай-ақ белгіленген уақыт көлемінде оған күтім жасауын міндеттеуді кіргіземіз. Жобаны шілде айында мəслихатқа енгіземіз, тамыз айында мəселе қаралады», -деді Əсет Масабаев.

Былтыр заңсыздыққа барғандар қаладағы бірқатар көшелердің бойына ағаш егіп, жазасын өтеді.

«Оларды ірі ағаш отырғызуға міндеттедік. Биыл құқықбұзушылықтар жеке аймақтарда анықталғаны болмаса, фактілер аз. Заңсыздықтарды реттейміз. Жергілікті полиция қызметкерлерімен, аудан əкімдігімен бірігіп жұмыс жасап жатырмыз»,- деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ биыл ағаш кесуге рұқсат алғандар да табиғатқа келтірген зиянының орнын толтыратын болады. Кесілген ағаштың қайтарымы 5-тен 10-ға дейін өсетін болады.

Соңғы жаңалықтар