Алматыда заңсыз ағаш кескен компаниялар тізімі әкімдіктің сайтында жарияланады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ағаштарды заңсыз кескен мекемелердің атауы Алматы қаласы жасыл экономика басқармасының сайтында жарияланады. Бұл туралы аталған басқарма басышысы Наталья Ливинская мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, қазір сайтқа орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жақында ағаштарды заңсыз кескен ұйымдардың тізімі сайтта жарияланады. Біз сондай-ақ сарапшылармен сөйлесіп, орын әзірледік, жариялауға дайынбыз «, - деді Наталья Ливинская.

Еске сала кетсек, өткен жылы 23 қараша түнде Алматыда сауда үйінің жанындағы жайқалған емен мен қарағаш оталды. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде наразылық білдірді .

Кейін Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы сауда үйінің алдындағы ағаштардың жаппай кесілуінің мән-жайын анықтады .

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталуына назар аударды.

Мемлекет басшысы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды .

24 қараша күні қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәселені өз бақылауына алғанын мәлім етті.

Бүгінде іс сотқа жіберілген.


Соңғы жаңалықтар