Алматыда заңгерлер Президент Жолдауындағы құқық қорғау аспектілерін талқылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда заңгерлер Президент Жолдауындағы құқық қорғау аспектілерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жолдауды талқылауға арналған шара онлайн форматта өтті.

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов қатысушыларға дөңгелек үстелдің маңыздылығы туралы айтты.

«Қолданыстағы ҚР Конституциясының авторы және әзірлеушісі еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы демократиялық, құқықтық, зайырлы, әлеуметтік мемлекет екенін айқындап берді. Онда адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең жоғары құндылық екені нақты жазылған. Тәуелсіздіктің 30 жылында республикада көптеген жұмыс атқарылды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүргізіп отырған саясат біздің Тұңғыш Президентіміздің қалыптасқан даму векторының жалғасы екені бәріне түсінікті деп ойлаймын»,-деді ол.

Игорь Рогов соңғы кездері адам құқығы өзекті тақырыпқа айналғаның атап өтті. Әсіресе, пандемия мен шектеулер жағдайында.

Сонымен қатар, ол Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биыл құқық саласындағы қызметтің бағытын анықтау үшін принципті маңызы бар бірнеше акті шығарғанын тілге тиек етті.

Модератор халыққа тегін құқықтық көмек көрсететін «Мейірімділік акселераторы: Izgilik elshisi», еріктілер қозғалысының жұмысын жоғары бағалады.

Айта кетейік, шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди, ҚР Әділет Вице-министрі Наталья Пан, «Almaty Adaldyq alany» жоба кеңсесінің жетекшісі заң ғылымдарының докторы, профессор Айнұр Сәбитова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің деканы, профессор Дәулет Байдельдинов, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Нұрланұлы мен өңірлеріндегі студент жастар арасынан «Мейірімділік акселераторы: Ізгілік елшісі» еріктілері, заңгерлер мен сарапшылар қатысты.


Соңғы жаңалықтар