Алматыда заманауи стадиондар салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Алмалы мен Бостандық ауданына қарасты №95 және №40 мектептердің жанынан стадион ашылады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қалалық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа оқу жылы қарсаңындағы жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асып отыр. Спорт алаңының құрылысына жас кәсіпкер Ақылбек Аққайыр 200 млн теңге көлемінде инфестиция бөлген.

null   «Стадион құрылысына заманауи технологиялар пайдаланылады. Ғимараттың сейсмотұрақтылығы, балалар үшін қауіпсіздігі басты назарға алынады. Алаңға ең жақсы деген жабынды сатып алып, төсейміз. Бала құлағанда жарақат алмайтын болады», - деді кәсіпкер Ақылбек Аққайыр.

nullИнвестордың айтуынша, әр стадионда үш футбол алаңы болады. Сонымен қатар теннис , баскетбол алаңдары, кроссфит, жүгіретін жол жасалады.

200 орындық спорт кешендері биыл қыркүйек айында пайдалануға беріледі. 

null

Соңғы жаңалықтар