Алматыда заманауи агрокластер ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда еуропа классты тұңғыш агрокластер ашылады. Бүгін Алматы әкімдігі мен «Vtorma Ecolodgy Co», «Север Тал» компаниялары арасында меморандумға қол қойылды.

Уағдаластыққа сәйкес, қалада еуропалық класстағы азық-түлік саудасының «Мизам» көтерме орталығы салынатын болды. Жаңа нысан форматы бойынша Франциялық «Рунжис» пен Мәскеулік «ФудСити» орталығына ұқсас болмақ.

Бауыржан Байбектің айтуынша, әкімдік қала сыртындағы азық-түлік белдеуін дамытуға бар күшін салып отыр. Осы орайда қаланы азық-түлікпен қамтитын Алматы облысының фермерлеріне барынша жағдай жасалуына баса назар аударылып отыр.

Жаңа орталық Солтүстік айналма жолының бойында салынбақ. Азық-түлік логистикалық орталығына 8 га жер бөлінеді. Жалпы аумағы 50 мың шаршы метр болмақ.

Аталған жоба әлеуметтік тұрғыдан да маңызды екенін айта кету керек. Құрылыс барысында 120 адамды, орталық ашылған кезде 2 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады.

«Vtorma Ecolodgy Co» мен «Arbincom» компаниялары өз қаржысына автопаркинг салып беруге келісті.

Орталықта Алматы облысы, ШҚО, ОҚО, Қырғызстан тауар өндірушілерінің өнімі арзан бағада қойылады. Өнім тұтынушыға өндірушіден тікелей делдалсыз жетеді.

Соңғы жаңалықтар