Алматыда Яндекс такси жүргізушісі жолаушыға пышақ салған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Яндекс Такси қызметінің жүргізушісі жолаушыға пышақ салған. Оқыс оқиғаға қатысты полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ПД хабарлауынша, аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 107-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тағайындалған тиісті сараптамалар нәтижесінде процессуалды шешім қабылданады.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде жарияланған болатын.

Алматылық әйел Яндекс такси қызметін пайдаланған. Такси жүргізушісі оны діттеген жеріне жеткізуден бас тартқан. Келіспей дау шығарған әйелге такси жүргізушісі күш қолданып, пышақ салған.

Бұл оқиғаға байланысты Яндекс Go сервисінің баспасөз қызметі түсінік берді.

«Сервистің қолдау қызметі жолаушымен байланыста. Жүйеде жүргізушінің қызметіне бұғат қойылды. Айта кетейік, жүйедегі ақпаратқа сенсек, қызды таксист діттеген жеріне жеткізіп салған. Жолаушының айтуынша, көлікте ешкімде қару болмаған. Болған оқиғаның мән-жайын құқық қорғау өкілдері анықтауы керек. Біз өз тарапымыздан бірлесіп әрекет етіп, ақпарат беруге дайынбыз», - деді сервистің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар