Алматыда XIV Еуразиялық медиафорум басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Еуразиялық медиафорум алаңында әлемнің 60 елінен 600 тарта белгілі маман 15-жыл қатарынан бас қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауқымды шара  биыл бірінші рет Алматыда өткізіліп отыр.

Мерейтойлық медиафорум барысында белгілі қазақстандық және шетелдік БАҚ саласының майталмандары тәжірибелерімен бөліспек.

«Медиафорум - ақпарат алмасудың теңдессіз алаңы. Сіздер БАҚ бетінен көріп жүрген тұлғалардан ақпарат алып, қызықтырған мәселелеріңіз жайлы сұрай аласыздар», - деді курд журналисі Мохамад Ахмад Албрази.

Бүгін форум алаңында Hashtag Our Stories Юсуф Омар, Ұлыбританиядағы әскери журналист Шахид Туляганов, «New Eastern Europe» журналының бас редакторы Ивона Райхардт, саясаткер Бартош Рыдлиньски, консультант Шуберт Медиа Тайра Шуберт, CEO Select Communication Group журналисі Виктор Елисеевтің шеберлік сабақтары өтті.

«ЕАМФ 2018 заманауи ақпараттың нарықтағы аса өзекті мәселелер: өзара ықпалдасу мүмкіндіктері, ақпараттық технологиялардың қарқынды өсуі талқыланады. Осы форум нәтижесінде келушілерге көп жылдық тәжрибеміз бен білімімізді, заманауи сын қатерлерге жауабымызды паш ететін боламыз», - деді Еуразиялық медиафорумның бас директоры Руслан Жемков.

ЕАМФ 2018 Алматыда 3 күн қатарынан өтеді.

Соңғы жаңалықтар