Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы бойынша қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен «World Business Consulting» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша бірқатар тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар халыққа World trend Strategies, Confidence World Group, HUBB international, Riviera imperial, Asteco және басқа үлестес компаниялардың инвестициялық жобаларына ақшалай қаражат енгізуді ұсынды.

Өз кезегінде, бұл компаниялар заңды қызметтен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен сыйақы алуға кепілдік беріп отырған.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес «World Business Consulting» қызметінде қаржы пирамидасының белгілері анықталды.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

ҚМА азаматтарды сақ болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

Егер сіз немесе жақындарыңыз «World Business Consulting» қызметіне кез болса, Алматы қаласы бойынша ЭТД-ге 8-775-923-40-90, 8 708 192 2818 телефондары бойынша хабарласа аласыз.

Басқа қала тұрғындары тиісті қаланың/облыстың аумақтық департаментіне жүгіне алады.


Соңғы жаңалықтар