+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Алматыда волонтерлік қозғалыстың жаңа бағыты таныстырылды

2020 жылғы 24 ақпан 13:50
Бөлісіңіз:
Алматыда волонтерлік қозғалыстың жаңа бағыты таныстырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Ізгілік елшісі – Акселератор добра» республикалық волонтерлер сьезі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жиын барысында Қазақстандағы жаңа волонтерлік бағыт – құқықтық көмек бойынша ерікті көмек көрсету жобасы таныстырылды.

Аталған республиткалық волонтер қозғалысы қатарында Қазақстанның түкпір-түкпірінде 3000-ға жуық волонтер жұмыс істейді. Олар әлеуметтік, инклюзивті, құқықтық көмек көрсетумен айналысады.


«Ізгілік елшісі – Акселератор добра» жобасының жетекшісі Айнұр Сәбитова Мемлекет басшысы волонтерлерге 7 басым бағытты міндеттегенін айтты.

«Мемлекет басшысы мұны мемлекеттік органдарға тапсырма етіп бергені ерекше есте қалды. Бұл корпоравтиті волонтерлік ретінде тиімді жұмыс болатыны анық. Барлық мемлекеттік құрылым мен мемлекеттік қызметкерлер жастарымызға осы қызметті жүзеге асыруға көмектессе дейміз. Бүгінде көптеген мемлекеттік құрылымдар үн қосып жатыр. Мұнда әділет органдарының, «Қазақстан заңгерлер одағы» ресупбликалық ұйымының өкілдері отыр. Осы тұлғалармен бірігіп мұқтаж адамдарға көмек көрсетеміз», - деді Айнұр Сәбитова.


Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Волонтер жылы бүкіл Қазақстандағы еріктілер қозғалысының дамуына тың серпін беретінін айтты

«Әкімдік 2020 жылғы жұмыс жоспарын жасады. Жастардың барлық ұсыныстары сол құжатта көрініс тапты. Толықтыратын тұстарыңыз болса, тыңдауға әзірміз. Бүгінде қалада волонтер жұмысын жүргізетін арнайы штаб құрылады. Ол жерде волонтерлер мектебі ашылады. Сонымен қатар әлеуметтік, спорт, эко-волонтерлік, заң, корпоративті бағытта жұмыс жүргізіледі», - деді әкім орынбасары.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT