Алматыда волонтерлер аллеясы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда волонтерлер аллеясы ашылды. Аллея Алматы қалалық «Jas Otan» жастар қанатының бастамасымен және қалалық Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еріктілер аллеясы» Жетісу ауданының «Гүлдер» саябағында ашылды. Іс-шараға 20-дан астам волонтер ұйымының жетекшісі мен белсенді мүшелері қатысып, шырша ағашының көшеттерін отырғызды.

«Елімізде ашылып жатқан алғашқы «Еріктілер аллеясының» символдық мәні ерекше. Біріншіден, қала экологиясына және көгалдануына үлес қосу. Екіншіден, коронавирус пандемиясы кезінде қала тұрғындарына көмек көрсетіп, еңбек еткен еріктілер ұйымдарын қала тұрғындарына таныту, дәріптеу.

Шараны өткізудегі басты мақсат – «Еріктілер жылының» аясында қаламыздағы барлық белсенді еріктілер ұйымының басын біріктіру. Қала әкімінің «Jasyl Almaty» жобасын жүзеге асырып, экологиямыздың жақсаруына үлес қосу. Аллея жылдан-жылға жаңа ағаштармен толығып, еріктілер ұйымының саны арта береді деген ойдамын. Аталмыш идеяны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен қалалық Қоғамдық даму басқармасына алғыс білдіреміз»,– дейді Алматы қалалық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов.

Аллеяның салтанатты ашылу жиынына Жетісу ауданы әкімдігі өкілдері, аудан ақсақалдары мен мәслихат депутаттары қатысты.

Шара барысында барлық карантиндік шаралар сақталды.



Соңғы жаңалықтар