Алматыда волонтерлер 2000 масканы тегін таратты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда волонтерлер аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға медициналық маска тарату акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Масканы тегін тарату арқылы олар тағы бір рет тұрғындарға санитарлық нормаларды сақтауды еске салды.

«Қазір Алматы қаласы «қызыл» аймақта тұр. Сондықтан денсаулық біздің басты құндылығымыз екенін және оны қорғау бірінші кезектегі міндет екенін ұмытпаған жөн. Бүгін волонтерлер «Nur Otan « партиясының қолдауымен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға медициналық маскаларды тегін таратты.Сонымен қатар, ауруханалардың кіреберісі мен халық көп жиналатын Арбатта таратылды», - деді «Қазақстанның еріктілер лигасы» ҚҚ Алматы қаласы филиалының төрағасы Нұржан Жасұзақов.

Волонтерлер акция барысында 2000-нан астам маска таратты.

Айта кету керек, 10 наурызда Алматы қаласы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа енген болатын. Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды. Оған сәйкес демалыс және мереке күндері қалада спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтар, сондай-ақ, сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметіне тыйым салынған.


Соңғы жаңалықтар