Алматыда Volkswagen Transporter көлігі өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңында Volkswagen Transporter көлігі өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай түскі сағат 11:00-дер шамасында Құлжа тасжолында Ават ауылында болған.

Жүргізуші мотор бөлігіндегі түтінді дер кезінде байқап, қашып үлгерген.

Төтенше жағдайдан ешкім жапа шеккен жоқ.

«Абырой болғанда, сол уақытта Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласына қарасты №6 қарауыл (4 адам) Бәйтерек ауылындағы өртті сөндіріп қайтып келе жатқан.

Өрт сөндірушілер жаңадан алаулай бастаған мотор бөлігіндегі өртті дер уақытында сөндірді.

Ават ауылына ең жақын өрт сөндіру пункті 12 шақырым қашықтықта орналасқанын ескерсек, кездейсоқ кездесу болмағанда көліктің түгі қалмай өртеніп кетер еді», - деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев.

Соңғы жаңалықтар