Алматыда велосипедті жалға алудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Almatybike» жобасы аясында велосипедті жалға алудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Әзірге тестілік режімде 30 орны бар 2 станса іске қосылды. 14 орындық станса Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында, 16 орындық станса Абай мен Абылайхан көшелерінің қиылысында орналасқан. Болашақта стансалар желісін 200 нүктеге дейін көбейту жоспарланып отыр.

Автоматтандырылған жалға алу жүйесі (BIKE SHARING) кез-келген нүктеден велосипедті жалға алып, басқа стансаларға қалдырып кетуге мүмкіндік береді.

Жалға алудың шарттары жайлы толығырақ білу үшін www.velobike.kz сайтына тіркелу қажет, мұнда 1 күндік абоненттік төлем - 150 теңге, 2 күндік төлем - 300, 3 күндік төлем - 400, ал 7 күндік төлем - 600 теңге тұрады. Сондай-ақ Android пайдаланушылары үшін Velobike.kz мобильді қосымшасы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар