Алматыда велосипедшінің аяғынан айырылу оқиғасы: Қылмыстық іс қозғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында қоқыс тасушы көліктің велосипедші қызды қағып кетуіне қатысты іс қозғалды. Оқиға салдарынан қыз бала аяғынан айырылған болатын, тиісті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жол апатының себеп-салдарын анықтап, тергеу жұмыстарына кірісті. Аталған факті ҚР ҚК-нің 345-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне енгізілді. Өндіріс барысында тиісті сараптама жұмыстары жүргізіледі»,-деді Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Лавренев көшесінде қоқыс таситын көлік вилосипед теуіп келе жатқан қызды қағып кетті. Салдарынан қыз бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды.

Соңғы жаңалықтар